Бізге Екібастұздың орта мерзімді даму стратегиясы қажет – Тоқаев

26 Қаңтар 2021, 12:37
1647
Бөлісу:
Бізге Екібастұздың орта мерзімді даму стратегиясы қажет – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Павлодар облысының әкіміне Екібастұз қаласын дамытуға байланысты тапсырма берді.

Екібастұзда энергетика және өнеркәсіп саласындағы білікті техникалық мамандардың көп екенін ескеру қажет. Ондаған жыл бойы жинақталған кадрлық әлеуетті жоғалтпауыңыз керек. Бізге Екібастұздың орта мерзімді даму стратегиясы қажет. Мұндай мәселелер - Жаңатас, Жезқазған және Арқалық секілді басқа моноқалалар үшін де өзекті, - деді Тоқаев.

 Ол сонымен қатар, Павлодар облысында шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Сіздің аймақта CVI ауруының жоғарылау деңгейі байқалады. Енді сіздің міндетіңіз - Үкіметпен, атап айтқанда, Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, жағдайды жақсарту үшін шұғыл шаралар қабылдау, - деді Тоқаев Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовқа.

Әкім былтырғы жыл Павлодар облысының экономикасы үшін сындарлы жыл болғанын айтты. 

Көптеген тармақ бойынша сынақтан лайықты деңгейден өттік. Дегенмен, кейбір саланы коронавирус салдарынан қалпына келтіру жұмыстары күтіп тұр. Жалпы өңірлік өнім 2019  жылдың деңгейінде сақталған. Оның ішінде өндіріс, ауыл шаруашылығы мен инвестициялық және жұмыссыздық сияқты макрокөрсеткіштер бойынша тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша көзделген индикаторлар орындалды, - деді Әбілқайыр Сқақов.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қызылордадағы қиын жағдай туралы айтқан еді.
Өзгелердің жаңалығы