Біздің алдымызда ШЫҰ әлеуетін толық пайдалану міндеті тұр – Тоқаев

16 Қыркүйек 2022, 15:35
978
Бөлісу:
Біздің алдымызда ШЫҰ әлеуетін толық пайдалану міндеті тұр – Тоқаев

Бұл туралы Мемлекет басшысы Самарқандта өткен Самитте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Біздің алдымызда ШЫҰ әлеуетін толық пайдалану міндеті тұр. Ұйым қызметінің тиімділігін арттыру және әртүрлі саладағы көпжақты ынтымақтастықты дамыту барлық қатысушы мемлекеттің мүддесіне сай келеді.
ШЫҰ қызметі оның жарғылық құжаттарында көрсетілген негізгі қағидаттардың өзектілігін айқындады. Олар: экстремизм, терроризм, сепаратизм секілді «үш зұлымдыққа» қарсы күрес, мемлекеттердің егемендігі мен территориялық тұтастығын қорғау, ішкі істерге араласпау», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ қазір әлемдегі ең табысты халықаралық ұйымға айналғанын айтты.

«Мен жоғарыда айтқандай, біздің ұйымның идеялық және институционалдық негіздерінде кереғарлық пен блоктарға бөлінушілік жоқ. Бұл ШЫҰ-ның халықаралық беделі мен танымалдығының артуына ықпал етті. Соның арқасында ұйым ең табысты бірлестікке айналды. Сондықтан ШЫҰ үдерісіне қатысатын елдердің географиясы жылдан жылға кеңейіп келеді.
Бұл – Ұйымның жоғары сұранысқа ие екенінің айқын дәлелі. Менің пікірімше, ШЫҰ қазір әлемдегі ең табысты халықаралық ұйым. Мен ШЫҰ-дағы серіктестерді жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамын. Шығыс Азиядан Парсы шығанағы елдеріне шығатын ең қысқа «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» темір жолының әлеуеті зор», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы