Бізді өзге халықтан ерекше етіп тұрған бай мәдени мұрамыз бар – Жәмила Серкебаева

26 Қазан 2021, 19:06
33051
Бөлісу:
Бізді өзге халықтан ерекше етіп тұрған бай мәдени мұрамыз бар – Жәмила Серкебаева
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Біздің өнеріміз еуропалық мәденитке негізделуі мүмкін, алайда біз өз туындымызға ұлттық рең беру арқылы өзгелерден өзгеше бола түсеміз. Оны елін сүйетін адам әрдайым есте сақтағаны жөн. Бұл туралы скрипкашы Жәмила Серкебаева бүгін балалар үйінің тәрбиеленушілеріне шеберлік дәрісін өткізу барысында айтты.

Айта кетсек, 5 қазанда еліміздегі қазіргі заманғы өнерді қолдау жобасы аясында Qazaqstan Oneri, Lotte Rakhat және Art Future Art Residence резиденциясы ашылған. 1 қазан мен 29 қараша аралығында 2 ай бойы отандық суретшілер Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне шеберлік дәрістері мен семинарлар өткізеді. Іс-шараның амбасадоры ретінде скрипкашы Жәмила Серкебаева мен әнші Зарина Алтынбаева танылған. Олар суретшілермен қатар балаларға музыка, жалпы әлемдік мәдениет жайлы дәрістер оқиды.

Бізді өзге халықтан ерекше етіп тұрған бай мәдени мұрамыз бар – Жәмила Серкебаева

Бүгінгі семинар барысында Жәмила Серкебаева ұлттық мәдени мұралар мен скрипа аспабының шығу тарихы жайлы баяндады.

Қазақ мәдениеті ата-бабамыз қалдырған рухани мұраларымен бай. Бұл рухани мәдениет көптеген ғасыр бойы ұлы адамдардың арқасында қалыптасып, осы күнге жетті. Еліміздегі қазіргі мәдениет ұлттық, әлемдік және орыс мәдениетімен біте қайнасып жатыр. Сондықтан қазақ халықының мәдениеті өте бай және әлемдік өркениетке өз үлесін қосып жатыр. Әр адам өзінің туған жерін әрі салтын қастерлей білуі керек. Біз ұлттық құндылықтарымыз арқылы өзге халықтан дараланып тұрамыз. Иә, біздің өнеріміз еуропалық мәдениетке негізделуі мүмкін, алайда біз өз туындымызға ұлттық рең беру арқылы өзгелерден өзгеше бола түсеміз. Оны елін сүйетін адам әрдайым есте сақтағаны жөн, - деді скрипкашы.

Бізді өзге халықтан ерекше етіп тұрған бай мәдени мұрамыз бар – Жәмила Серкебаева

Сондай-ақ әнші Зарина Алтынбаева әлемді музыка арқылы танып-білу жөнінде сөз қозғап, музыка мен сурет өнері бір-бірімен тығыз байланыста екенін жеткізді.

Қолөнершілердің балалармен бірлесіп жасаған соңғы жұмысы «Lotte Rakhat» кондитерлік өнімдерінің қаптамасына басылып шығады. 

Art Future жобасының негізін қалаушы, Esentai галереясының директоры Тоғжан Сақбаева шығармашылық адамдарын ынталандыруға арналған Art Residence жобасы жайлы айтып берді.

Бізді өзге халықтан ерекше етіп тұрған бай мәдени мұрамыз бар – Жәмила Серкебаева

Жақында іске қосылған Art Residence жобасы басты екі бағыттан тұрады. Біріншісінде он суретші ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап сурет салады. Ол туындылар 16 желтоқсанға қарай Esentai галереясына қойылып, көпшілікке ұсынылады. Екінші бағыт білім беруге арналған. 10 суретші екі ай бойы балалар үйінің тәірбиеленушілеріне сурет салу бойынша шеберлік сағаттарын өткізіп, өз тәжірибелерімен бөліседі. Ол жерде балаларға кескіндеме, графика, мүсін және басқа да жанрлар үйретіледі, - дейді Т. Сақбаева. 

Суретшілердің шеберлік сағатына SOS балалар ауылынан 15 және №1 балалар үйінен 15 бала қатысып жатыр. Іс-шара аясында балалар екі пано жасап шығарады.  

Бізді өзге халықтан ерекше етіп тұрған бай мәдени мұрамыз бар – Жәмила Серкебаева
Өзгелердің жаңалығы