Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілісте бейбіт жиналыстарды өткізу туралы заң жобасы талқыланды. Осы заңға байланысты заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Қоғамов пікір білдірді.
Жеке өз басым қоғамдық тыңдалымдардың барлығына қатыстым. Тек Алматыдағы жиында бола алмадым. Егер де ғимарат 500 адамды ғана қабылдай алса, 600-700 адамды оған кіргізе алмайтыны белгілі. Ал далада болатын болса, көше тар әрі ұзын емес болса бұқаралық жиналуға объективті түрде қарау керек. Кейбір халықаралық тәжірибеде көшенің ұзындығы да айтылады. Кей жерлерде шерулердің көлемі мен адам саны айтылады. Мысалы, Ресейде де осы мәселелер тыңғылықты нақтыланады. Бейбіт жиналыстарға барлығы бірдей бара бермейді. Сондықтан бейбіт жиналыстарды ұйымдастыршылар және қатысушылар өз ойларын айтуға, қоғам мен мемлекет өміріне қатысты нақты мәселелер бойынша шағымдарын білдіруге бірегей мүмкіндік алады, - дейді Марат Қоғамов.
Оның айтуынша, демократиялық қоғамда мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті ,өзге тұлғалардың денсаулығын сақтау қарастырылған
1948 жылы жалпыға ортақ адам құқықтары бойынша декларация қабылданды. Әлемдік конституция деп те айтылады. Сонда әрбір азамат, шегелеп айтамын: әрбір азамат бейбіт жиналыс өткізуге құқылы делінген. 1966 жылы халықаралық және азаматтық құқықтар бойынша халықаралық пактіде бұл норма біршама өзгертілді. Бейбіт шеруді өткізу құқығы ескеріледі деп берілді. Демократиялық қоғамда мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті ,өзге тұлғалардың денсаулығын сақтау қарастырылған. Біздің конституцияда адамгершілік деген пункт жоқ. Оған не жататынын түсінетін шығарсыздар. Алайда ештеңе етпес. Бұл орайда билік пен полиция өздері реттеп,қарастырып алады деп санаймын, - дейді заңгер.