Қасымбек аудандардағы су тасқынына қарсы дайындық барысын тексерді

12 Наурыз 2020, 17:30
1493
Бөлісу:
Қасымбек аудандардағы су тасқынына қарсы дайындық барысын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары жалғасуда. Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек Нұра және Абай аудандарында барды, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты. 


Облыс әкімін елді мекендер маңындағы қорғаныс біліктері мен габиондарының жағдайы қызықтырды. Қарағанды облысында су басудың негізгі қаупін Нұра және Шерубай-Нұра өзендері құрайды. Бұл су қоймаларының жағдайы тұрақты бақылауда.
Апта сайын ТЖ департаменті мен Қазгидрометтің қызметкерлері өзен бассейндеріндегі ылғал қоры бойынша болжамдар жасайды. Олар қардағы ылғал мөлшері мен оның жалпы санын өлшейді. Мамандардың мәліметтеріне сәйкес, бір ай бұрын Нұра бассейніндегі ылғал қаупі миллиард текше метрді құрады, ал қазір 130 миллионға азайды. Енді олардың деңгейі өткен жылғы көрсеткіштерге сәйкес келеді, - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы Ибрагим Күлшімбаев.

Сондай-ақ, Шерубай-Нұра бассейнінде ылғал қорының шамалы төмендеуі тіркелді. Ауа райына байланысты көрсеткіштер жақсарады: күндіз облыстың барлық аумағында плюс температурасы сақталады, ал түнде термометрлер бағаналары нөлден төмен түседі.

Бүгінгі күні облыста өзен арнасының бойында орналасқан елді мекендердің су басуын болдырмау үшін барлық күш-жігер жұмсалуда. 2018 жылы Нұра ауданы Қантай ауылының айналасына 2950 метр қорғаныс  салынды. Қазір Кантайдың айналасында еріген судың ағуы үшін арықтар қазылды.

Ұзындығы 1700 м болатын білік Тассуат ауылын су тасқынынан қорғайды. Бірнше жыл бұрын ол су астында қалып қойған болатын. Ал 2017 жазда елді мекеннің айналасында жер үйіндісі көтерілді. Өткен жылы ол қиыршық таспен нығайтылды. Сонымен қатар, еріген суды қорғаныс білігіндегі негізгі су өткізу құрбырына арай ағызатын арықтар қазылды.

Қарағанды облысында барлығы 13 қорғаныс біліктері мен габиондар салынды. Олардың барлығы нығайтылған.
Жолдарда су жүруге жол бермеу үшін құтқарушылар өзен арналарында және иілген жерлерде жарылыс жұмыстарын жүргізеді. 20 учаскеде мұз жарылады.

Жеңіс Қасымбек облыстағы су тасқыны жағдайына күнделікті мониторинг жүргізуді жалғастыруды тапсырды.




Өзгелердің жаңалығы