Біз қоғамдық дерттің бәріне, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл күрес жүргіземіз – Тоқаев

20 Қараша 2026, 15:33
АВТОР
 Ақорда 20 Қараша 2026, 15:33
20 Қараша 2026, 15:33
102
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында қоғамдық дерттің бәріне, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл күрес жүргізілетінін айтты. 

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы, жемқорлықпен жаппай күрес, мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформа, қоғамда жаңа жасампаз құндылықтарды орнықтыру – мұның бәрі үлкен жолдың басы ғана. Алдымызда әлі көптеген іс пен биік белестер күтіп тұр. Осыған дейін айтқанымдай, ел дамуына қатысты орта және ұзақмерзімді перспективаға арналған ойларым мен жоспарым бар. Мемлекетіміздің Егемендігін, Тәуелсіздігін қорғауға қатысты кейбір мәселе түбегейлі шешімін таппады. Мен ол жөнінде халыққа арнаған Жолдауымда айтқанмын. Тоқмейілсіп, бейқам жүрудің жөні жоқ. Мұны жақсы түсінуіміз керек. Менің ойымша, Мемлекет басшысының міндеті – жүйелі әрекет ету, діттеген мақсаттан айнымау, ел тағдырындағы маңызды шешімдер үшін жауапкершілік арқалау. Еліміздегі өзгерістердің қарқын алғаны қуантады. Ол енді тоқтамайды», - деді Президент. 

Айта кетейік, бұған дейін Президент Мемлекет қазынасына ауыз салу елге жасалған ең ауыр қастандық екенін атап өтті. 

Сондай-ақ, Президент табыс пен игілікке жеке адамдар емес, институттар кепілдік беретін мемлекет құрып жатырқанына тоқталды. 

Наверх