Біз билік пен мессиялардың құрбаны болмауына ұмтылуға тиіспіз – Рим папасы

14 Қыркүйек 2022, 10:54
992
Бөлісу:
Біз билік пен мессиялардың құрбаны болмауына ұмтылуға тиіспіз – Рим папасы

Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі өтіп жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Ватиканның басшысы, Рим Папасы Франциск адам табиғи жаратылыс екенін айтты. 

Рим папасы пандемиядан кейінгі діннің рөлі қандай деген сұрақ ойландыратынын айтты. 

Пандемия төрт проблеманың ішіндегі негізгісі болып қалып отыр. Назарды соған аударғым келеді. Бұл бізге, діннен барынша бірігуді қажет етеді. Біз Абай айтқандай, біз мәңгілік емеспіз. Біз барлығымыз осалдығымызды сезіндік. Көмексіз екенімізді ұғындық. Ешкім де бұл тұрғыдан тәуелсіз бола алмайды. Жеке дербес бола алмайды. Сондықтан бұл мәселе адамдар арасындағы ынтымақтастықты қажет етеді. Біз бұл жолда одан әрі қозғалуымыз керек. Жария түрде барлық проблеманы бірге шешуіміз керек. Сондықтан дінге бейтарап қарамауға тиістіміз. Олардың алдындағы бірлік-сынақтардың алдындағы бірлік, - деді Рим папасы. 

Ол атағандай, сенім иелері бауырлары мен апа-қарындастарына негізгі сипаты оның осалдығы екенін түсіндіруге тиіс. 

Адамның негізгі сипаты – оның осалдығы. Билік пен мессиялардың құрбаны болмауға, ұмтылуға тиістіміз. Біз қаржы табудың құрбаны болмуға тиістіміз. 

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші Съезі 2003 жылы Қазақстанның астанасында өтті. Кейінгі съездер үш жылда бір рет 2006, 2009, 2012, 2015 және 2018 жылдары ұйымдастырылып, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналды.

Өзгелердің жаңалығы