Биылғы жылу маусымында Алматыда 671 өрт тіркелген – ТЖД

29 Қаңтар 2021, 12:21
1620
Бөлісу:
Биылғы жылу маусымында Алматыда 671 өрт тіркелген – ТЖД

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Самат Асаинов онлайн брифингте айтты.

Оның айтуынша, биыл өрттен зардап шегушілер саны 26 пайызға азайып, 31 адамды құраған. Өрттен 38 адам құтқарылып, 235 адам қауіпті аймақтан шығарылыпты. Оған қоса 100 млн-нан астам мүлік құтқарылған.

Өрттің 402-сі жеке тұрғын үйде болған. Ондағы басты себеп - өрт қауіпсіздігіне немқұрайлы қарау, яғни өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы және пешті тазаламау болып отыр. Сондай-ақ екі өрт балалардың ойынынан болған, - деді ол. 

Сондай-ақ ол адамдар қайтыс болған 7 оқиғада тұрғындардың мас болуынан өрт шыққаны белгілі болғанын айтты. Қалған жағдайда өрт электр құралдарын түн кезінде қолданудан шыққан. Адамдар қайтыс болған өрттің барлығы түнде және таңға қарай болған. 

Жылыту маусымында өртті болдырмас үшін ТЖД қызметкерлері кешенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соның аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың үйіне электр сымдарын тарту, жылу құбырын жүргізу, пешті тазалау сияқты жұмыстар атқарылды, - дейді Асаинов.

Өзгелердің жаңалығы