Биылғы пітір садақа мөлшері белгілі болды

14 Наурыз 2023, 18:25
1408
Бөлісу:
Биылғы пітір садақа мөлшері белгілі болды
Фото: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Биыл пітір мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады, - деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Өзгелердің жаңалығы