Биыл жыл басынан бері 78 500 орындық 77 мектеп ашылды

31 Қазан 2023, 14:10
600
Бөлісу:
Биыл жыл басынан бері 78 500 орындық 77 мектеп ашылды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов Оқу ағарту министрлігі

Үш ауысымдық, апатты мектептердің мәселелерін жүйелі шешу мақсатында мемлекет жаңа мектептерді пайдалануға беру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Биылғы жылдың 1 қазанына дейін елімізде 78,5 мың орындық 77 мектеп ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Осы жылдың соңына дейін түрлі қаржы көздері есебінен 132 мың орынға арналған 154 мектепті, оның ішінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 76 738 орындық 62 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.

Биыл жыл басынан бері 78 500 орындық 77 мектеп ашылды

Бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектептің мәселесін шешеді.

Жаңа мектептердің басым бөлігі Түркістан облысында – 16, Батыс Қазақстан облысында– 14, Астана қаласында – 10, Қызылорда және Жамбыл облыстарында 7 мектептен салынады.

Бұдан басқа «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Биыл 217 мектептің құрылысы басталып, олар 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

Биыл жыл басынан бері 78 500 орындық 77 мектеп ашылды

Ұлттық жоба бірінші кезекте қалалар мен келешегі бар елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептер салуға, оқушылар мен педагогтер үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде барлығы 740 мың орындық 369 жайлы мектеп салу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы