Биыл жер қойнауы 739,6 млн теңгеге ұтымсыз пайдаланылды

6 Тамыз 2021, 13:13
1738
Бөлісу:
Биыл жер қойнауы 739,6 млн теңгеге ұтымсыз пайдаланылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев айтты.

2020 жылы 169 тексеру жүргізілді, оның ішінде рұқсат беру бақылауы – 125, жоспардан тыс тексерулер – 33, жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар талаптарын сақтау бойынша баруы – 11. Жалпы сомасы 47,1 млн теңгеге әкімшілік айыппұлдар салынды және өндірілді, - деді Қарағаев.

Ол атағандай, 2020 жылы жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшін 1 млрд 833 млн теңге сомасында залал есептелді, оның ішінде 646 млн теңге өндірілді.

Қалған 1 млрд 187 млн теңге сомасына жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшін залалды өндіріп алу бойынша жұмыс жүріп жатыр. 2021 жылғы қаңтар-маусымда 94 тексеру жүргізілді, оның ішінде рұқсат беру бақылауы – 62, жоспардан тыс тексерулер – 20, профилактикалық бақылау – 12. Жалпы сомасы 38,4 млн теңгеге әкімшілік айыппұлдар салынды және өндірілді. Бірінші жартыжылдықта жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшін 739,6 млн теңге сомасында залал есептелді, оның ішінде 712,0 млн теңге өндірілді, - деді Жұмабай Қарағаев.


Өзгелердің жаңалығы