Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында айтты.
Елбасының көпвекторлы сыртқы саяси бағытын және Мемлекет басшысының халықаралық бастамаларын іске асыру жалғасады. 2022 және 2025 жылдары Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездері өткізіледі. Шетелде оқитын және жұмыс істейтін қазақстандықтар мен Қазақстаннан асырап алынған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қамтамасыз етіледі, - деді ол.
Мамин атағандай, негізгі стратегиялық әріптестермен қатынастарды нығайту бойынша жұмыс жалғасады.
Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграция, қазақстандық бастамаларды ілгерілету және Шанхай ынтымақтастық ұйымы, БРИКС, Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерімен әріптестік жалғасады. Сонымен қатар Қазақстанның уәкілетті мемлекеттік органдары өкілдерінің Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да халықаралық әріптестердің іс-шараларына қатысуы қамтамасыз етіледі, - деді Мамин.
Мамин атағандай, 2021 жылы визасыз режим елдерінің тізімі кеңейіп, 77 елден тұратын болады, ал кейін 2025 жылы 89 елге дейін кеңейеді.
Жол картасын тиімді іске асыру және мониторингтеу үшін оның әрбір шарасы мен нысаналы индикаторы жылдар мен өңірлер бойынша бөлінеді. Жол картасы жобасының әрбір тармағы пысықталып, олардың орындалуы тиісті мемлекеттік органға және нақты басшыға бекітілді. Барлық жоспарланған іс-шаралар партияның сайлауалды бағдарламасын тиімді, әрі сапалы жүзеге асыруға бағытталған. Үкімет жол картасының уақытылы орындалуын толық қамтамасыз етеді, - деді Мамин.