Биыл соңғы қоңырау 1 маусымда өтеді. Министрлік депутат сауалына жауап берді

19 Қаңтар 2023, 14:07
1066
Бөлісу:
Биыл соңғы қоңырау 1 маусымда өтеді. Министрлік депутат сауалына жауап берді

Ел мектептерінде соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеше Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мектептерді соңғы қоңырауды 31 мамырдан басқа күнге ауыстыруды сұрап, Үкіметке сауал жолдаған болатын. Осы сұраққа Оқу-ағарту министрлігі жауап берді.

Қазақстанда оқу жылының ұзақтығы 36 апта. 

Дәстүр бойынша оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, биылдан бастап 31 мамырда аяқталады. 31 мамыр – жылдың соңғы оқу күні. Бұл күні еліміздің мектептерінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған сыныптан тыс сағаттар өткізіледі. 1 маусымда еліміздің оқушылары Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау мерекесін атап өтеді, - деп баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Мәліметке сәйкес, каникул бұрынғыдай сақталады, яғни оқу күндерінің саны көбеймейді, ал каникул кезеңі азаймайды. Жалпы қазақстандық оқушылар 170 күн оқиды. Каникулдың ұзақтығы - 195 күн.

Өзгелердің жаңалығы