Биыл СҚО-да 1500-ге жуық бала коронавирус жұқтырған

14 Қыркүйек 2021, 15:24
6943
Бөлісу:
Биыл СҚО-да 1500-ге жуық бала коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қабдырахман Сақтағанов хабарлады. 

Оның айтуынша, балаларда ауру өткен жылмен салыстырғанда асимптоматикалық емес көрінеді.

Балалар індетке шалдыққанда аурудың қызба, интоксикация, тыныс алудың қиындауы сынды айқын белгілері байқалады. Облыста 2 жасқа толмаған баланың өлімі тіркелді. Оған себеп – коронавирустың «дельта» штамы. Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан бойынша қатерлі инфекцияны жұқтырған 1456 бала тіркелген. Оның ішінде, 1263-і емделіп шықты. 193 бала бақылауда. 16 бала стационарлық ем қабылдап жатыр. 177 сәби амбулаторлық емдеуде, - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Айта кететін жайт, жас құрылымы бойынша 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурудың жоғары үлесі байқалып отырған көрінеді. 60-69 жас аралығындағы науқастар - 14 (18%), 40-49 жас - 9 жағдай (12%) болса, 30-39 жас аралығындағы контингент арасында - 8 (10%), 80-89 жас - 7 (9%) жағдайды құрап отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында індет жұқтырған науқастар саны екі есеге азайғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы