Биыл Қытаймен арадағы жүк айналымы 17 пайызға өсті

31 Қазан 2023, 02:18
647
Бөлісу:
Биыл Қытаймен арадағы жүк айналымы 17 пайызға өсті

9 айында Достық – Алашаңқай (Қытай) өткелі арқылы 11,8 млн тонна жүк тасымалданып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жүк айналымы 17% өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде импорт 3,3 млн тоннаға (+4%), экспорт 8,5 млн тоннаға (+24%) жетті.

Достық станциясы арқылы жүктер Қытайға, Еуропаға және кері қарай жүреді. Станция қызметкерлері күн сайын Қытайға 15 пойыз тапсырады, - деп жазылған хабарламада.

Қыста және күзде Көктұма - №16-шы разъезд – Ақтоғай – Достық теміржол учаскесінде теміржолшылар қиын жағдайда жұмыс істейді. Мұндағы климат – күрт континенталды. Жазда температура +50С°, қыста –50С° аралығында болады.

Станция Жоңғар қақпасының қазақстандық жағында орналасқан, олар шаңды, құмды және кейде тіпті ұсақ тастарды суырып соғатын дауыл мен екпінді желдің (70 м/с дейін) пайда болуына ықпал етеді. Соққан жел теміржол көлігінің жұмысын қиындатып, учаскенің өткізу қабілетіне әсер етеді.

Жалпы, осы жылдың 9 айында ҚХР мен Қазақстан арасындағы жүк тасымалдау көлемі 22% өсіп, 21,1 млн тоннаны құрады. Экспорт 31%, ал импорт 10% өсті.

Өзгелердің жаңалығы