Биыл қай саладағы жалақы өсті

8 Тамыз 2023, 03:18
811
Бөлісу:
Биыл  қай саладағы жалақы өсті

Ұлттық статистика бюросы бір жылда Қазақстанда жалақы қалай өзгергенін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы IІ тоқсанда бағалау бойынша жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 240 779 теңгені, ал атаулы жалақының орташа мәні 365 502 теңгені құрады. 2022 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 17,1%, нақты мәнде 1,2% көрсетті, - делінген мәліметте.

Экономика салаларында биылғы ІІ тоқсанда бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда орташа жалақы ең көп ақпарат және байланыс саласында өскен – 36%. Көлік және қойма саласында – 24,6%, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 23,7%, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында 21,8% көтерілді.

Білім беруде орташа айлық жалақы 10,2% артса, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде 15,6% құрады.

Алайда нақты мәнде жалақы көлемі былтырғы екінші тоқсанмен салыстырғанда құрылыста – 3,5%, тұру және тамақтану қызметтерін көрсетуде – 2,6%, білім беруде – 4,8%, сондай-ақ денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетуде 0,1% төмендеді.

Өңірлік бөліністе орташа айлық атаулы жалақының ең жоғарғы өсімі Ұлытау облысында тіркелді – 23,8%. Ең төменгі өсімі Түркістан облысында – 12,2%.

Өзгелердің жаңалығы