Биыл қандай республикалық жолдар жөнделіп бітуі керек?

7 Ақпан 2024, 12:31
372
Бөлісу:
Биыл қандай республикалық жолдар жөнделіп бітуі керек?
Фото: QazAvtoJol ҰК

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында биыл қандай жолдар аяқталуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еліміз үшін айрықша маңызды «Астана-Балқаш-Алматы» тас жолы әлі күнге дейін жөнделіп біткен жоқ. Құрылыс 2017 жылдан бері жүріп жатыр. Республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахань», «Ақтөбе-Қандыағаш», «Талдықорған-Өскемен» жолдарының жөнделіп жатқанына 5 жылдан асты. Биыл осы жұмыстар біржола аяқталуға тиіс, - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық маңызы бар жолдарға отандық кәсіпорындарды тарту мәселесін де айтты. 

Республикалық маңызы бар жолдардың тендерін көп жағдайда тек шетел компаниялары ұтып алады. Мұндай жобаларға қолынан іс келетін, тиісті техникамен жабдықталған өз кәсіпорындарымызды тарту керек. Сонымен қатар, жол құрылысына қажетті техниканы елімізде шығару жолдарын дамытып, өзіміздің дайын өнімді пайдалану керек, - деді ол.

Президент еліміздегі жолдың бәрі сапалы болуы керегін атады.

Өзгелердің жаңалығы