Биыл Петропавл қаласында 100 автобус сатып алынады

9 Маусым 2021, 13:53
2183
Бөлісу:
Биыл Петропавл қаласында 100 автобус сатып алынады

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Қала әкімі Болат Жұмабеков Петропавлдағы қоғамдық көліктерді жаңарту үшін жергілікті тасымалдаушылар мен «Солтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы және «БРК-Лизинг» кәсіпорны арасында келісім бар екенін айтты.

Жаңа көліктер биыл шілде-тамыз айларында келеді деп жоспарлап отырмыз. «Yotong» деп аталатын марканы таңдап алынды. Бұл көліктер дизель отынымыен жүреді. 60-сының ұзындығы 8,5 метр болса, 20-сы 10,3 метрден. Біздің қаланың көшелерінде жүруге ыңғайлы, сыйымдылығы да жоғары, - деді қала басшысы Болат Жұмабеков.

Оның айтуынша, тұрғындардан шағым жиі түсетіндіктен, қаладағы 14 бағытта қызмет көрсетіп келген кәсіпкермен келісімшарт бұзылды.

Жуырда сапасыз қызмет көрсеткен тағы екеуі құқығынан айырылады. Шаһар бойынша 20 бағытта автобустар жүреді. Оның жартысында үлкен автобустар болса, қалған жартысында шағын, яғни микроавтобустар. Жалпы саны 197 қоғамдық көлік жүрсе, 23-і резервке қойылған. Бұл бағыттарға тасымалдау қызметін көрсететін 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен 7 жеке кәсіпкерлік субьектісі тіркелген.

Петропавл қаласының әкімдігі қоғамдық көліктерде тегін жүретін азаматтарды 12 санатқа бөлді. Ал тасымалдаушыларға шығынын жабу үшін өтемақы төленеді. Тегін жүретіндерге арнап арнайы карта жасап жатырмыз, бүгінге дейін, 1356 адамнан өтініш түскен. Ал оны қабылдау 1 маусымнан басталған, - деді шаһар басшысы.

Жалпы Петропавл қаласында қоғамдық көліктер мәселесі өзекті болып саналады. Қазіргі автобустардың көбі ескірген. Былтыр тестілеу режимінен өткізу үшін бірнеше жаңа автобус жеткізілген болатын. Бірақ сынақтан өтпегесін, кері қайтарылды.

Өзгелердің жаңалығы