Биыл орташа зейнетақы мөлшері қанша болды

18 Қаңтар 2024, 10:17
7529
Бөлісу:
Биыл  орташа зейнетақы мөлшері қанша болды
Фото: Арман Мухатов - архив

2023 жылы қазақстандықтарға 3,3 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылы республикалық бюджеттен 2,3 млн адамға 3,3 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1 трлн 16,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 трлн 297,4 млрд теңге бөлінді.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап инфляция деңгейін ескере отырып, әлеуметтік төлемдерді жыл сайынғы индекстеу шеңберінде ынтымақты зейнетақының өсуі 10,5 % (инфляция деңгейінен 2 %-ға ілгерілеп) болды. Сондай-ақ, ең төмен күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы мөлшері ұлғайтылды. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 744 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 82 868 теңге, базалық зейнетақы – 37 876 теңге, - делінген хабарламада.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлер саны 2 млн 344 мың адамды құрады.

«2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес ынтымақты зейнетақы мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9 %-ға өсті.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына, сондай-ақ ең төмен мөлшердің 60 %-дан 65 %-ға, ең жоғарысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 %-дан 105 %-ға дейін ұлғаюына байланысты арттырылды.

Осылайша, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жиынтық зейнетақының ең төмен мөлшері 77 417 теңгеден (2023 жылы) 86 068 теңгеге дейін ұлғайтылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып, әрбір алушыға жеке тағайындалады.

Бұл ретте зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға арналған ынтымақты жүйеде әзірленген еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер енгізіледі.

Мәселен, егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ ол болмаған кезде базалық зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65 %-на тең болса, бұдан әрі әрбір жыл үшін 10 жылдан астам оның мөлшері 2 %-ға ұлғаяды. Мысалы, қатысу өтілі 20 жыл болғанда базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 80%-ын құрайды. 30 және одан да көп жыл өтілі кезінде ол ең жоғары мөлшерде – ең төмен күнкөріс деңгейінің 105 %-ы белгіленеді, - делінген хабарламада.

Егер бір айда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына МЗЖ бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу кезеңі бір айды құрайды.

Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық төленсе, зейнеткерлік жасқа жеткенде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері соғұрлым көп болады.

Өз кезегінде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек өтіліне (кемінде 6 ай қажет) және зейнетақы алдындағы кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болады.

Ынтымақты зейнетақының мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен 2 %-ға ілгерілеп көтерілуіне кепілдік беріледі, бұл 2014 жылы қабылданған Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес келеді.

Өзгелердің жаңалығы