Биыл МӘМС жарнасы өседі

2 Қаңтар 2022, 18:56
1367
Бөлісу:
Биыл МӘМС жарнасы өседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 1 қаңтардан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасы 3 пайызға өзгерді.

2022 жылдан бастап "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" заңның 27-бабына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аударымдары өсті.

Жұмыс берушілер қызметкерге жалақысының 3 пайызын төлейді, бірақ 10 төменгі жалақыдан аспайтындай, яғни 18 мың теңгеден аспауы керек.

Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық келісім-шарттары бойынша табыс алатындар, табысының 2 пайызын төлейді, бірақ 12 мың теңгеден аспайды.

Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын жеке тұлғаларға - ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5 пайызы немесе 4 200 теңге.
Сонымен қатар 2022 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен салымдар көрсеткіші бұрынғы деңгейде - 2 пайыз.

Сондай-ақ 2022 жылдан бастап қорға төленуге жататын міндетті медициналық сақтандыруға мемлекет жарналары ұлғаяды: 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттік жарналарды есептеу объектісінің 1,7 пайызы.

Өзгелердің жаңалығы