Биыл мәдени ұйым қызметкерлерінің жалақысы өседі

20 Қаңтар 2023, 12:19
1335
Бөлісу:
Биыл мәдени ұйым қызметкерлерінің жалақысы өседі

«Ұлттық» мәртебесі бар мәдени ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы шамамен екі есеге өсті. Олардың әл-ауқаты биыл да көтеру жоспарда бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Асхат Оралов мәлімдеді.

 «Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы екі есеге жуық өсті. Бүгінде елімізде осындай 5 ұйым бар, алайда Мәдениет және спорт министрлігі бұл нысандардың тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр. 

Министр Асхат Оралов биыл мәдениет саласының тартымдылығын арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Биыл да сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту назардан тыс қалмайды. Шығармашылық жоғары оқу орындарындағы концертмейстерлер, сондай-ақ үрмелі музыкалық аспаптарда ойнайтын мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметкерлері, би ансамблі әртістерінің әл-ауқатын көтеру жоспарланып отыр, - деп атап өтті Мәдениет министрі.

Ораловтың айтуына қарағанда, қазіргі күні заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер енгізу жұмыстары басталып кетті.

Өзгелердің жаңалығы