Биыл халықтың кредиті өскен – Ұлттық банк

13 Қазан 2020, 09:45
1320
Бөлісу:
Биыл халықтың кредиті өскен – Ұлттық банк

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халықтың кредиттері осы жылдың басынан бері 6,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Бұл туралы Үкіметтің онлайн отырысында ҚҰБ төрағасы Ерболат Досаев айтты.

Жыл басынан бері экономикаға берілетін кредиттер осы жылдың тамыз айының соңында 14,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Ұзақ мерзімді кредиттер 3,1%-ке немесе 12,2 трлн теңгеге дейін 372,3 млрд теңгеге өсті. Қысқа мерзімді кредиттер 2,2%-ке немесе 2,0 трлн теңгеге дейін 44,2 млрд теңгеге азайды. Бизнестің кредиттік портфелі жыл басынан бері 7,3 трлн теңгеге дейін 1,2%-ке ұлғайды. Бизнеске берілетін теңгедегі кредиттер бойынша ставка  ағымдағы жылғы тамызда 11,9%, оның ішінде қысқа мерзімді кредиттер бойынша – 11,6% (11,6%), ұзақ мерзімді кредиттер бойынша ағымдағы жылғы тамыздағы 13,4%-тен 12,8%-ке дейін төмендеді, - деп баяндады Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, халықтың кредиті өскен.

Халықтың кредиті осы жылдың басынан бері 6,9 трлн теңгеге дейін 3,7%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында тұтынушылық қарыздар 4,2 трлн теңгеге дейін 0,6%-ке төмендеді, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен ипотекалық қарыздар 2,0 трлн теңгеге дейін 14,6%-ға ұлғайды, - деді Ұлттық банк төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы