Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Тәжікстан бизнес-форумы аясындағы екіжақты келісімдер туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жол картасын жүзеге асыру және алдағы екі жылға тауар айналымын арттыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстан-Тәжікстан бизнес-форумы өтіп, оның аясында тараптар түрлі салалардағы жобаларды жүзеге асырудың нақты қадамдарын белгіледі. Бизнес-форум кезінде 1,8 млрд долларлық келісімшартқа қол қойылды, - деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев екі елдің берік әрі ұзақмерзімді қарым-қатынасымыздың мызғымас негізі – тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстар екенін атап өтті.
Былтыр Душанбеде Қазақстан киносы күндері табысты өткізілді. Биыл біздің елімізде Тәжікстанның мәдениет күндерін өткізу жоспарланып отыр. Біз осы шараға мұқият дайындалуымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.