Биыл елімізде 4 шетелдік ЖОО студенттерді қабылдайды – Тоғжанов

24 Маусым 2022, 19:12
1344
Бөлісу:
Биыл елімізде 4 шетелдік ЖОО студенттерді қабылдайды – Тоғжанов
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов республикалық iQanat олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде айтты. 

Биыл елімізде 4 шетелдік ЖОО студенттерді қабылдайды – Тоғжанов

Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына байланысты шетелдердің жоғарғы оқу орындары қазір Қазақстанда құрылып жатыр. Өткен жылы Англия мемлекетінің 30 мықты жоғарғы оқу орындары қатарына кіретін Do Montfort университетін Алматы қаласында аштық. Биылдан бастап Солтүстік жақта Американың Аризона деген университетін де ашып жатырмыз. Мұнымен тоқтамай тағы бірнеше Ресей мемлекетінің жоғарғы оқу орындарын ашамыз. Биылдың өзінен 4 жоғарғы шетелдік оқу орын балаларды қабылдайтын деңгейге жетеді, - деді Премьер-министр.

Биыл елімізде 4 шетелдік ЖОО студенттерді қабылдайды – Тоғжанов

Сонымен қатар Ералы Тоғжанов өзінің құттықтау сөзінде ауылдан шыққан балаларға жағдай жасасақ деген ниеттен туған iQanat қорының негізін қалаушы Айдын Рахимбаевқа алғыс білдіріп, Қазақстанда елін ойлайтын қамқор азаматтардың көбеюін тіледі.   

iQanat жобасы – Қазақстандағы үлкен жобаның бірі. Алдымен 40 мың бала қатысады. Оның ішінен 7 мың бала іріктеледі. 7 мыңның ішінен 750 бала таңдалып отыр. Осы 750 баланың болашақта елдің намысын қорғайтын, туын көтеретін азаматтар болып шығатынына күмәнім жоқ, - деді ол.  

Өзгелердің жаңалығы