Биыл елге келген қандастар 5 облысқа қоныстанады

12 Наурыз 2022, 22:04
2093
Бөлісу:
Биыл елге келген қандастар 5 облысқа қоныстанады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылы елімізге қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 1499 адамға белгіленді. Бұл туралы «Отандастар» қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірлік квоталар облыстар арасында келесідей бөлінді: Павлодар – 800, Қостанай – 150, Ақмола – 258, Шығыс Қазақстан – 162, Солтүстік Қазақстан – 129 адам.

Қазақстанға қоныс аударатын қандастар ең алдымен қоныстанатын елді мекенді анықтауы қажет. Қазақстанның кез келген жеріне қоныстануға болады, дегенмен елімізде қандастардың көшіп келуіне басымдық берілген өңірлер бар. Бүгінгі таңда қандастарды қабылдауды қарастырған бес облыс бар. Бұл – Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары, – дейді қорда. 

Өзгелердің жаңалығы