Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасына 143 млрд теңге бөлінген

14 Наурыз 2023, 13:16
1607
Бөлісу:
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасына 143 млрд теңге бөлінген
Фото: tirshilik-tynysy.kz

“Ауыл – Ел бесігі», жобасы 2019 жылдан бастап жүзеге асырылып жатыр. Биыл да жоба жалғасып, 143 млрд.теңге бөлініп, 736 ауылда 1 500-ден астам жоба іске асырылатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ  тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков мәлімдеді.

Жоба бойынша 2019-2022 жылдарға 326 млрд. теңге бөлінген еді. Сол жылдар аралығында 3700-ден астам жоба іске асырылды. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша 334 жобаны, әлеуметтік инфрақұрылымның 1200 объектісін және көлік инфрақұрылымының 2200 жобасын іске асыруға мүмкіндік берген.

Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасына 143 млрд.теңге бөлініп, 736 ауылда 1500-ден астам жоба іске асырылатын болады.Сонымен қатар, 2023 жылғы республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде қосымша 55 млрд теңге бөлу жоспарлануда.Бұл 120-дан астам тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысанын, 275 әлеуметтік инфрақұрылым нысанын және 1300 көлік инфрақұрылымы жобасын іске асыруға мүмкіндік береді,-деді Бауыржан Омарбеков.

Одан бөлек ауылдық жерлерде кадрлық әлеуетті арттыру мақсатында 2009 жылдан бастап «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылып жатыр. 2009 - 2022 жылдардың қорытындысы бойынша 95 мың маман көтерме жәрдемақы және 45 мың маман тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер алған. 

Сондай-ақ биылғы жылы «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыруға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер беруге 3 800 маманға 20 млрд теңге бөлінген.

Өзгелердің жаңалығы