Биыл Атырауда 12 мәдениет ғимараты жөнделеді

6 Мамыр 2023, 13:09
746
Бөлісу:
Биыл Атырауда 12 мәдениет ғимараты жөнделеді
Фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сонымен қатар екі нысан салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Атырау облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Асхат Оралов Атырау жұртшылығымен кездесіп, тұрғындар сауалына жауап берді.

Министр биыл Атырау облысында 12 мәдениет нысанында жөндеу және екі нысанды салу жұмыстары көзделіп отырғанын, 2027 жылға дейін 20 спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін құрылысын салу жоспарланғанын жеткізді.

Кездесу барысында өңір тұрғындары туризм саласын дамыту, мүгедектігі бар спортшыларға көңіл бөлу, арнайы жаттығу орнын салуға жер беру, жеке спорт мектептеріндегі жаттығушы балаларды жарыстарға жіберуге қаржы бөлу, футзалға арналған манеж салу сынды бірқатар жобалар ұсынды. Кездесу министрдің жеке қабылдауымен жалғасты.

Өзгелердің жаңалығы