Биыл Астанада 70-тен астам көше жөнделеді

28 Сәуір 2023, 07:35
591
Бөлісу:
Биыл Астанада 70-тен астам көше жөнделеді
Фото: gov.kz

Астанада күн райының жылынуымен жол жөндеу жұмысы басталды. Жөндеу жұмысы кезінде көше учаскелері ішінара жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта елордада онға жуық көше учаскесіне жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Олардың қатарында Панфилов, Кенжин көшелері, Жеңіс даңғылы, Жұмбақтас тұйық көшесі және басқалары бар. Мұнда қозғалыс ішінара немесе толығымен шектелген.

Айта кету керек, 2023 жылы жалпы ұзындығы 54,3 км болатын 72 көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарланып отыр, оның 44-і – ұзындығы 40 км болатыр орталық көшелер, 28-і қаланың елді мекендерінде орналасқан.

Әл-Фараби даңғылы Алаш көпірінен Пушкин көшесіне дейін, Уәлиханов көшесі Бөгенбай батыр даңғылынан Кравцов көшесіне дейін, Ш.Құдайбердіұлы даңғылы Мұстафин көшесінен Қошқарбаев даңғылына дейін, «Тұлпар» көпірі, Тұран даңғылы Қорғалжын көшесінен Сарайшық көшесіне дейін және т.б. учаскеде жөндеу жүргізіледі.

Сонымен қатар, биыл елордада ұзындығы 13 км болатын 31 көше салынады, төрт көше бойынша жұмыс толық көлемде аяқталады, 19 көше бойынша – жалғасады, тағы сегізі енді басталады, - деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы