Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Ақтөбе облысында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі бүгінде 61%-ды құрайды. Айта кету керек, 5 жыл бұрын бұл көрсеткіш тек 48%-ды құраған. Осы бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасуда. 465 шақырым автокөлік жолдарын жөндеу жоспарланып отыр. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін жыл қорытындысы бойынша 66% -ға дейін арттыру жоспарлануда, - деді ол.
Облыс әкімі атағандай, 2021 жылы «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы (Астраханьға қарай)» автожол учаскесін толық пайдалануға беру жоспарлануда.
Жоба құны шамамен 47 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар «Ақтөбе-Қандыағаш» учаскесін реконструкциялау жұмыстары басталды, жобаның жалпы құны 62,5 млрд теңгені құрайды. Жалпы 2021 жылы «Ақтөбе – Орск» және «Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы» автокөлік жолдарын реконструкциялау, сондай – ақ «Қобда – Мәртөк» автокөлік жолын күрделі жөндеу және тағы 4 автожолды орташа жөндеу сияқты жобаларды аяқтау жоспарлануда. Қалаішілік автобус тасымалына келетін болсақ, мұнда биыл электронды жолақы төлеу жүйесі енгізілген. 250 автобусқа валидаторлар орнатылып, жол жүруге дифференцияланған тариф енгізілді, - деді Оңдасын Оразалин.
Оқи отырыңыз: