Биыл Абай облысында 235 шақырым жол жөнделеді

18 Сәуір 2023, 17:30
717
Бөлісу:
Биыл Абай облысында 235 шақырым жол жөнделеді
Фото: 7kun.kz

Жөндеу жұмыстарымен облыстық маңызы бар жолдар, сондай-ақ облыс орталығы Семей қаласының көшелері қамтылады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асылбек Нугманов атап өткендей, биыл бұл мақсатқа 9,9 млрд теңге бөлінді. 

Жалпы ұзындығы 235,2 шақырымды құрайтын 35 учаскені орташа жөндеу күтілуде. Сондай-ақ «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 77,4 шақырымды құрайтын 33 жобаны жүзеге асыруға қаражат бөлінді. Құрылыс-монтаж жұмыстарын мамыр айында бастап, ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда, - деді Асылбек Нугманов.

Сонымен қатар Семей қаласында 2023 жылға жалпы ұзындығы 50 шақырымды құрайтын 32 көше жолын орташа жөндеуден өткізу жоспарлануда. 

Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпірінде кеуекті мастикалық асфальтбетон-10 қоспасын қолдану арқылы ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ аспалы көпірді күтіп ұстауға күзет, камералар жұмысын бақылау, лифт жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, металл конструкцияларды жөндеу, жуу және сырлау жұмыстары кіреді.

Өзгелердің жаңалығы