Биыл 50 мыңнан астам қарағандылық жұмыспен қамтылады

2 Сәуір 2023, 08:27
1268
Бөлісу:
Биыл 50 мыңнан астам қарағандылық жұмыспен қамтылады
Фото: azattyq-ruhy.kz

Қарағанды облысында биыл жұмыссыздықпен күресу үшін нақты шаралар қолға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың арасында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, зейнет жасына дейінгі адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі бағдарлама, жеңілдікпен несиелеу және өтеусіз гранттар беру сияқты бағдарламалар бар.

Осындай жұмыстардың арқасында биыл барлығы 54 мың адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.

Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте Қарағанды облысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспеков жұмыспен қамту бағытындағы шаралар туралы айтты.

Жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін биыл жаңа тетік – жылдық 2,5% жеңілдікпен несие берілмек. Біздің облысқа 324 несие беруге 1,6 млрд теңге бөлінді. Ең жоғары сома – 5 жыл мерзімге 5 млн теңге, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін. Негізгі шарт – кепіл мүлкі. Құжаттар мен бизнес-жоспар Аграрлық несие корпорацияның филиалына ұсынылуы керек. Несие беру туралы шешімді комиссия қабылдайды. Әлеуетті алушы барлық ақпаратты тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталықтарынан немесе Аграрлық несие Корпорацияның сайтынан біле алады, – деді Әсем Жүніспекова.

Оның сөзінше, халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне бизнес-идеяларды іске асыруға 190-нан астам грант беріледі.

«Күміс жас» жобасында өзгерістер бар. Енді оған 50 жасқа толған қазақстандықтар қатыса алады. Бұрын бағдарлама 58 жастан асқан адамдарға берілетін.

Облыстағы жұмыссыздарды жеке көмекші және әлеуметтік қызметкер мамандықтарына оқыту жоспарланып отыр.

«Жастар тәжірибесі», «Бірінші жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары бойынша еңбекақы мөлшері 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Қатысу мерзімі – 12 айға дейін.

Жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері ай сайын облыстың кәсіпорындарымен және ұйымдарымен бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. Тұрғындарға жұмыс орындары мен жүзере асырылып жатқан жұмыспен қамту бағдарламалары туралы кеңес беретін мобильді топтар жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы