Биыл 42500 теңге көбейеді

2 Қаңтар 2022, 11:36
1551
Бөлісу:
Биыл 42500 теңге көбейеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылы республикалық бюджетте зейнетақы мен барлық әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін индексациялауға 190,4 млрд теңге көзделіп отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті.

Биыл 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін өсті. Сондай-ақ ең төменгі зейнетақы мөлшері 46 302 теңгеге дейін, ең төменгі базалық зейнетақы төлемі 19 450 теңгеге дейін өсті.

2022 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға 4 трлн теңге, оның ішінде зейнетақы мен барлық әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін индексациялауға 190,4 млрд теңге көзделіп отыр, - делінген Еңбек министрлігі мәліметінде.

Бұл 4,2 млн адамның табысын арттырады, оның ішінде 2,3 млн-ға жуық зейнеткерге ынтымақты зейнетақы мөлшерін 7%-ға (инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып) және базалық зейнетақы төлемін 5%-ға, жалпы сомасы 138,3 млрд теңгеге арттыру жүргізілетін болады. 1,9 млн алушыға әлеуметтік жәрдемақы жалпы сомасы 52,1 млрд теңгеге, 5%-ға артады.

Бұдан тыс ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуі атаулы әлеуметтік көмек алатын 900 мыңнан астам адамның кіріс деңгейіне де оң әсер етеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын және айлық есептік көрсеткішті 5%-ға индексациялау жоспарланып отыр. Нәтижесінде, ЕТК мөлшері 36 018 теңгені, ал АЕК – 3 063 теңгені құрайды.

Өзгелердің жаңалығы