Биыл 3 576 жетім бала баспаналы болды: Тағы 59 мың бала пәтер кезегінде тұр

16 Қараша 2026, 11:25
АВТОР
 pixabay.com 16 Қараша 2026, 11:25
16 Қараша 2026, 11:25
57
Фото: pixabay.com

Қазақстанда 2026 жылы 3 576 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала пәтер алды. Қазіргі уақытта тағы 59 мың бала баспана кезегінде тұр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Құрылтайдағы Үкімет сағатында баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ  тілшісі.

Баланың отбасында тәрбиелену және әлеуметтік қорғалу құқығын қамтамасыз етуге арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасында 28 іс-шара қарастырылған. Оның 8-ін 2026 жылы, ал 5 шараны жыл сайын іске асыру жоспарланған, - деді министр.

Оның сөзінше, 2026 жылы 3 576 жетім бала пәтер алды, тағы 59 мың бала кезекте тұр. 

Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры 120-дан астам бағдарлама мен жобаны қолдап, балалар мен отбасыларға әлеуметтік көмектің 49 түрін көрсетіп келеді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс істеу үшін 616 маман даярланған.

Балаларды әлеуметтік қолдау бағытында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республика бойынша 1-4 сынып оқушыларының 1,7 миллионы, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарындағы отбасылардың балалары тегін ыстық тамақпен қамтылған.

Бұдан бөлек, Жалпыға міндетті білім беру қоры арқылы 421 380 оқушыға 22 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Наверх