Биыл 2 млрд 800 млн теңге бюджетке қайтарылды – "Атамекен" ҰКП

8 Маусым 2020, 12:42
1523
Бөлісу:
Биыл 2 млрд 800 млн теңге бюджетке қайтарылды – "Атамекен" ҰКП

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров айтты.

Біз жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы форум өткізіп тұрамыз. Биыл жыл басында төртінші форумды өткіздік. Онда жыл бойына жоспар құрып, өткен жылдың есебін шығарамыз. Өткен былдың тамыз айында "Бірыңғай сатып алу терезесі" порталы іске қосылды. Оның құрамына 5 алаң кіреді: мемлекеттік сатып алу, "Бәйтерек", "ҚазАгро", "Самұрық-Қазына" және "NADLoC".  Портал баға динамикасын, бағаның көтерілу және түсу деңгейін қадағалауға мүмкіндік береді, - дейді ол.

Ербол Өстеміровтің айтуынша, бұл жүйе түрлі тәуекелді анықтауға көмектесетінін айтады.
Қазіргі таңда он бестей тәуекел анықталған. Біз аймақтық департамент агенттіктерімен ақпарат алмасып отырамыз. Жүйе қандай да бір өңірдегі заңбұзушылықтың өзін емес, заңбұзу тәуекелін анықтайды. Мысалы, қандай да бір тауардың бағасы 100 мың болып, мемлекеттік орган оны 150-200 мыңға сатып алса, жүйе бұл жерде заңбұзушылық болуы мүмкін екенін көрсетеді.  Бұл мәселеде аймақтық департамент агенттігі тарапынан шара қолданып, сатып алу жүйесіне кіріп, тауар не себепті қымбатқа сатып алынғаны туралы ақпарат сұратуға құқылы. Егер тұщымды жауап болмаса, заңбұзушылық болды деп есептеуге тура келеді. "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының осындай шаралары нәтижесінде, ағымдағы жылдың 5 айында 2 миллиард 800 миллион теңге бюджетке қайтарылды, - дейді ол.

Айта кетейік, тікелей эфир барысында "Бірыңғай сатып алу терезесі" порталы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы іс-қимыл агенттігі мен "Атамекен" ҰКП өзара іс-қимыл қорытындылары туралы сөз болды.


Өзгелердің жаңалығы