Бұл туралы Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
31 наурызда Астана уақытымен 18:30-да Samruk-Kazyna Construction «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында «дайын күйінде тапсыру» жобалау және құрылыс бойынша кешенді жұмыстарды сатып алу бойынша өтінімдерді қабылдау жұмысы аяқталды. Өздеріңіз білетіндей, мұның алдында бұл мерзім 29 наурызға белгіленген еді. Біз сатып алуды екі күнге создық. Себебі, 65 компания электронды порталға түрлі себептерге байланысты тіркеле алмады. Біз екі күн бүкіл қатысамын деген мердігерлерге мүмкіндік бердік, – деді Мәулен Айманбетов.
Айманбетовтың айтуынша, 45 адамнан тұратын комиссия өз жұмысын бастап кетті. Оның ішінде конкурстық комиссия - 13, сараптау комиссиясы - 21 және тәуелсіз бақылаушы - 11. Бақылаушылардың тізіміне – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Оқу-ағарту министрлігі, «Самұрық-Қазына акционерлік қоғамы» кеңестері, бірнеше өңірдің жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кірді.
2023 жылы 7 наурызда құрылысы осы жылға жоспарланған 185 мектеп бойынша конкурс жарияланды. Мердігерлердің өтініштері онлайн платформада қабылданды, – деді Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасы.