Биыл 17 жоғары оқу орны жабылуы мүмкін

23 Сәуір 2023, 13:49
1057
Бөлісу:
Биыл 17 жоғары оқу орны жабылуы мүмкін
Фото: kras.mk.ru

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің елімізде 30-ға жуық жоғары оқу орнының лицензиясы кері қайтарылғанын айтты. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сапасыз білім беретін жеке жоғары оқу орындарының лицензиясын кері қайтару жұмысын жалғастырып жатырмыз. Бұл кезінде Асхат Аймағамбетов қолға алған бастама, жұмыс жүйелі болды. Осыған дейін 30-ға жуық әлсіз, сапасыз, дипломды бизнеске айналдырған жоғары оқу орындарының лицензиясы күшін жойды. Былтыр 15 ЖОО жабылса, биыл 17 жоғары оқу орны кезекте тұр. Яғни олар біздің тексеруімізде, - деді Саясат Нұрбек.

Өзгелердің жаңалығы