Бішкекте түн тыныш өтті, тонау мен тәртіпсіздік болған жоқ - ҚІІБ

10 Қазан 2020, 12:10
1831
Бөлісу:
Бішкекте түн тыныш өтті, тонау мен тәртіпсіздік болған жоқ - ҚІІБ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бішкекте бәрі тыныш, деп хабарлайды ҚІІБ баспасөз қызметі.

«Кабар» агенттігі хабарлағандай, өткен түнде жаппай тәртіптсіздік пен тонау фактілері тіркелмеген.

Бішкек милициясы мен  әскери қызметшілерінен,  халық жасақшаларынан тұратын түнгі патрульдер болжамды бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бойынша қызмет атқарды. Азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігі күш құрылымдары мен жасақшылардың бақылауында. 

Жеке және мемлекеттік мүлік, стратегиялық маңызды нысандар ерекше қорғалып отыр.

Өзгелердің жаңалығы