Бішкекте Конституцияны өзгерту мен референдумға қарсы акция өтіп жатыр

22 Қараша 2020, 15:03
1755
Бөлісу:
Бішкекте Конституцияны өзгерту мен референдумға қарсы акция өтіп жатыр
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Баштан Башта» азаматтық қозғалысы қырғызстандықтарды бейбіт шеруге шығуға үндеуде.

Бұл туралы МедиазонаЦА жазды. 

Белсенділер қала көшелерін аралап орталық алаңға дейін жетпек. 

Біз қазан айынан бері жағдайды бақылап отырмыз. Біздің үнсіздігіміз бен әрекетсіздігімізді пайдаланып елдегі конституцияны өзгертпек. Ол өзгерсе, елдегі биліктің формасы да өзгереді, сөз бостандығы шектеліп, ксенофобияға жол беріледі. Сонымен қатар уәкілеттіліктері қазан айында аяқталып қойған алтыншы шақырылымның депутаттары 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Президент сайлауына қатысты өзгерістер енгізу туралы референдум өткізбек , - деп жазды ұйымдастырушылар. 

17 қараша күні Қырғызстанда Президенттің уәкілеттігін кеңейтетін және БАҚ-та елдің мәдениеті мен ожданына кесірін тигізетін ақпаратты жариялауға тыйым салуді көздейтін жаңа Конституцияның жобасы таныстырылған болатын. Конституцияны өзгерту бастамасын Жоғарғы кеңестің 80 депутаты көтерген. Алайда көпшілік оның авторы Қырғызстанның бұрынғы Президенті Бакиевтің заңгері Бектур Зулпиев деген пікірде.


Өзгелердің жаңалығы