Астана, baq.kz. Экс-министр Қуандық Бишімбаев жазасын Шымкенттегі қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді.
«Жоспарлы бекітумен, сондай-ақ сотталушының адвокаты мен ата-анасының ҚАЖ комитеті қанағаттандырған өтініміне сәйкес, сотталған Бишімбаев жазасын өтеу үшін Шымкенттегі қауіпсіздігі орташа 167/3-ші жазасын өтеу мекемесіне ауыстырылады», - делінген комитеттің хабарламасында.Хабарламада ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабы 2-бөлігіне сәйкес, түзету үшін жасалған жағдайды есепке ала отырып, әлеуметтік маңызды байланысын, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жаңа құқық бұзушылықтардан ескерту үшін бас бостандығынан айырылғандар басқа мекемеге ауыстырылатыны айтылған.
Сондай-ақ, сотталған адамның жазасын өтеу орнын айқындау туралы шешімді аймақтық ҚАЖ департаменті қабылдайды.
«Басқа түзету мекемесіне ауыстыру кезінде сотталған Бишімбаевтың мүдделері есепке алынады. Қылмыстық-атқару заңнамасы (ҚР ҚАК 89-бабы 4-бөлігі) аясында қазіргі уақытта 167/3 жазасын өтеу мекемесінде бір жылдан артық уақытқа бас бостандығынан айырылғандар, қасақана аса ауыр емес және ауырлығы орташа, ауыр қылмысты жасағандар, сонымен бірге ҚР ҚАК-нің 96-бабы 1-бөлігі 1-тармағы және 3-бабы 2-тармағы бойынша сотталғандар жазасын өтеп жатыр», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, 2018 жылдың наурыз айында шыққан сот үкіміне сай бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтің мүлкі тәркіленіп, 10 жылға сотталды.