Бишімбаев тарапы: Бишімбаев пен Нүкенованың соңғы хаттарында не жазылған?

12 Наурыз 2024, 19:29
1862
Бөлісу:
Бишімбаев тарапы: Бишімбаев пен Нүкенованың соңғы хаттарында не жазылған?
Фото: facebook.com/saltanat.nukenova

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары іске қатысты жаңа мәліметтер айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Тергеушілер Салтанат Нүкенованың телефонынан 1701 сурет тапқан және оның ішінде 608 бейне болған. Алайда тергеуші бұл фотосуреттерді демалыс санатына жатқызды. Сонымен бірге объективті және толық, жан-жақты емес деп санады, - деді жәбірленуші тарап.

Адвокат өткен жылы 25 желтоқсанда хаттама жасалғанын айтады. Сол кезде тергеуде Салтанат Нүкенованың Whatsup желісін тексеру мүмкіндігі болған. 

Тергеуші тек галереяны қарады. Дегенмен күш қолдану белгілері  бар фотосуреттер табылған жоқ болатын. Онымен қоса, тергеуші тарап тексеру хаттамасында сақталған Нүкенова мен Бишімбаевтың хат жазысқан 2 скринін ғана көрсеткен. Бұл скриншот тергеудің негізсіз ойдан шығарылған, яғни Бишімбаевта қызғаныш сезімі болды деген тергеу тұжырымын жоққа шығарады. Ол жерде керісінше, Нүкенованың Бишімбаевқа деген қызғанышын растайды. Онда Нүкенова Бишімбаевқа "үйге неліктен әйелдерді алып келесің?" деп айтқан, содан соң Нүкенова одан кетіп қалып жүргенін көрсетеді, - дейді Бишімбаевтың адвокаты.

Бұған дейін Астана Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Прокурор Бишімбаевтың Нүкеновамен қалай танысқанын айтып берген болатын.

Бишімбаев Салтанат Нүкенованы психикалық азапқа салып, адамдық қадір-қасиетін қорлаған. Прокурор Бишімбаевпен Нүкенова үйленіп, бірге тұра бастаған кезде Қуандық Бишімбаев ашушаң, агрессивті, өзімшіл бола бастаған. Ол Салтанат Нүкенованың пікірін ескермеген. Онымен қоса, Бишімбаев Нүкеноваға туыстары мен құрбыларымен кездесуге, сөйлесуге тыйым салған. Бүкіл телефон хабарламалары мен СМС хабаларды бақылап отырған. Салтанат Нүкенованың табыс алып келіп отырған ісіне тыйым салған.

Прокурор Айжан Аймағанова айтуынша, Салтанат Нүкенова Бишімбаевтан бірнеше рет кетуге тырысқан, алайда Бишімбаев түзелетінін айтып сендірген.

Сондай-ақ экс-министр Салтанат Нүкенованы порнографиялық видеоға түсуге мәжбүрлегені белгілі болды. Алайда кешегі сот отырысында Бишімбаев кінәсін мойындамады.

Өзгелердің жаңалығы