Бишімбаев соты: Прокурор Бишімбаевтың Нүкеновамен қалай танысқанын айтты

11 Наурыз 2024, 16:23
2317
Бөлісу:
Бишімбаев соты: Прокурор Бишімбаевтың Нүкеновамен қалай танысқанын айтты
Фото: автордан

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сот ісі Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Айыптау актісін прокурор Айжан Аймағанова оқыды.

Сотталушылар: Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов.

Салтанат Нүкенованы психикалық азапқа салып, адамдық қадір-қасиетін қорлаған. Прокурор Бишімбаевпен Нүкенова үйленіп, бірге тұра бастаған кезде Қуандық Бишімбаев ашушаң, агрессивті, өзімшіл бола бастаған. Ол Салтанат Нүкенованың пікірін ескермеген. Онымен қоса, Бишімбаев Нүкеноваға туыстары мен құрбыларымен кездесуге, сөйлесуге тыйым салған. Бүкіл телефон хабарламалары мен СМС хабаларды бақылап отырған. Салтанат Нүкенованың табыс алып келіп отырған ісіне тыйым салған. 

2022 жылы тамызда Астанада Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы ұнатып қалып, соңынан қалмай кездесуге шақыра бастаған. Салтанат Нүкенова бірнеше рет кездесуден бас тартса да, Қуандық Бишімбаев қайтпай, көңілін тапқан және қысқа уақыт ішінде өзін жақсы жағынан көрсеткен. 2022 жылы 16 желтоқсанда Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкеноваға үйленген. Бірақ неке заңды түрде тіркелмеген. Олар азаматтық некеде болған, - дейді прокурор.

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру), 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау) бойынша айып тағылған.

Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу), 434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау) бойынша айып тағылған.

Еске сала кетсек, былтыр 9 қарашада Астанадағы мейрамханаларының бірінде бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қаза болды. Оқиғадан кейін Қуандық Бишімбаев қамауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы