Бишімбаев соты: Алқабилерге қойылатын сұрақтар іріктеліп жатыр

10 Мамыр 2024, 15:23
1123
Бөлісу:
Бишімбаев соты: Алқабилерге қойылатын сұрақтар іріктеліп жатыр
Фото: Жоғарғы сот

Жоғарғы сот экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановтың ісі бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгін сот отырысында іс бойынша тараптар алқабилердің қатысуымен соттың шешуіне жататын сұрақтарды талқылау және тұжырымдау өтті.

Төрағалық етушi тараптардың ескертулерi мен ұсыныстарын ескере отырып алқабилер үшін түпкiлiктi сұрақтар парағын қалыптастыру үшін кеңесу бөлмесiне кетті.

Алқабилердің қатысуымен сұрақтар парағын жариялау 13 мамыр күні сағат 9:30-да өтеді.

Өзгелердің жаңалығы