Бишімбаев соты. Ағасы Нүкенованың бет-жүзі көгерген фотосын көрсетті

29 Наурыз 2024, 11:18
1829
Бөлісу:
Бишімбаев соты. Ағасы Нүкенованың бет-жүзі көгерген фотосын көрсетті
Фото: Жоғарғы сот

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сотта Айтбек Амангелді соққыға жығылған қарындасы Салтанат Нүкенованың суретін көрсетті.

20 наурызда жұмыстағы қызметкерлер үшін тимбилдинг ұйымдастырдық. Сол күні үйге 00:0-лерде келдім. Телефоныма көп қоңырау мен хат келген. Телефонымды ашсам, мына суретті көрдім. Бұл жерде көгерген іздер анық көрініп тұр. Менің ойымша, мұнда жұдырықпен мақсатты түрде соққы жасалған. Мен Салтанаттың (еск- Салтанат Нүкенованың) жағдайын көріп шошып кеттім. Ол маған бұл фотоларды жіберіп, хат жазды. Менің бірден оған хабарластым. Түн ортасы болатын, ол қоңырауды көтерген жоқ. Мен уайымдап, Қуандыққа қоңырау соқтым. Қуандыққа “не болып жатыр?”, “неге маған мұндай сурет жіберді?” деген сұрақ қойдым. Ол маған үйдің алдына кел, сөйлесіп, талқылайық деп жауап берді, – деді Айтбек Амангелді.

Амангелдінің сөзінше, Қуандық кіреберіс алдына шықпаған. Кейін 5-ші қабатқа көтеріліп үйге кірген. Онда Бишімбаевтың (еск - екінші некеден) қызы ашқан. Үй ішінде Бишімбаев та, Салтанат Нүкенова да болмаған.

Айтбек Амангелді осы оқиғалардан кейін Бишімбаевпен төбелесіп қалған. Кейін Салтанат Нүкенованы алып кетпек болды, алайда марқұм кетуден бас тартқанын айтады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Бишімбаевтің ісі бойынаша алқабилер алқасының қатысуымен алғашқы отырыс өтті. Кезекті сот отырысында Бишімбаев "Қасақана өлтірген жоқпын" деп кінәсін мойындамады. Ол соттың ашық болуын сұрады.

Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені туралы осыған дейін жазғанбыз. Прокурор Бишімбаевтың Нүкеновамен қалай танысқанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы