Бишімбаев соңғы сөзін қашан сөйлейтіні белгілі болды

4 Мамыр 2024, 16:49
1941
Бөлісу:
Бишімбаев соңғы сөзін қашан сөйлейтіні белгілі болды
Фото: Жоғарғы Сот

Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соңғы соты қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Жарыссөздің екінші бөлігі ҚР ҚПК 651-бабына сәйкес алқабилер мен БАҚ-тың қатысуынсыз өтті.

Тараптар сотталушылардың іс-әрекеттерін саралау, жаза тағайындау және азаматтық талап қою мәселелері бойынша ұстанымдарын баяндады.

Сотталушылар соңғы сөзін 6 мамырда сағат 10:00-де айтады.

Бұған дейін Нүкенованың ағасы айыпталушыларға қатысты пікір білдірген еді.

Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова Бишімбаев Нүкенованы не үшін өлтіргенін айтқан еді. 

Онымен қоса, жәбірленуші тараптың адвокаты өлімге қызғаныш себеп екенін айтты. 

Прокурор Байжанов оқиға болған түні бәрін біліп істеді деп отыр. 

Ал оған жауап ретінде Байжанов шындық детекторынан өтуге дайын екенін мәлімдеді. 

Бүгін сот процесінде Бишімбаев неге киллер жалдамағаны туралы да сөз қозғалды. 

Өзгелердің жаңалығы