Байжанов қулыққа басып отыр – прокурор

2 Мамыр 2024, 12:17
1364
Бөлісу:
Байжанов қулыққа басып отыр – прокурор
Фото: Жоғарғы Сот

Бишімбаевтың сотында мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова Бақытжан Байжановтың қулыққа басып отырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жарыссөз барысында прокурор екінші сотталушының әрекетін "қулық" деп атады.

Байжановқа келер болсақ, ол қу әрі ойластырылған ұстанымды таңдады деп ойлаймын. Ол бір мезетте Бишімбаевты "қысым жасады" деп айыптайды. Естеріңізде болса, Байжанов орыс тілін білмейтінін айтып, парақтан оқыды. Бірақ сотқа білікті аудармашы қатысады және Байжановқа ана тілінде куәлік етуге ештеңе кедергі болмады. Тіл білмейтінін сылтауратып, айғақтарынан шатаспау үшін және артық ештеңе айтып қоймау үшін солай оқыды, - деді Айжан Аймағанова.

Бұған дейін прокурор Нүкенованың басына ұйыған қанның мөлшерін көрсеткен еді.

Өзгелердің жаңалығы