Бишімбаев ісі: Алқабилері пара алса, қандай жауапқа тартылады

13 Наурыз 2024, 13:48
677
Бөлісу:
Бишімбаев ісі: Алқабилері пара алса, қандай жауапқа тартылады
Фото: -архив

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілістің кулуарында Бас прокуратура өкілі журналистердің сұрағына жауап берді.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісін қараған алқабилердің пара алмайтынына қандай кепілдік бар? – деп деп сұрады БАҚ өкілдері Шындалиевтен.

Егер алқабилері қызығушылық танытса, онда бұл үшін тиісті жауапкершілік бар. Егер мұндай фактілер анықталса, алқабилер алқасы таратылуы мүмкін, – деп жауап берді Әсет Шындалиев Мәжілісте.

Бас прокурордың орынбасары атап өткендей, Бишімбаев қамауда болғандықтан, оны сотқа дейін және кері қарай конвоймен алып жүреді.

Журналистер соттан ақпарат таратуда болып жатқан қиындықтар жайлы айтып, осы мәселеге қатысты Шындалиевтен ойын сұрады.

Кеше сот өкілдері сот залына кірмегендерге қосымша бөлме бар екенін айтып түсіндірді. Себебі сотта тәртіп сақталуы керек. Сот ток-шоу немесе телешоу емес. Резонанстық іс екені түсінікті, бірақ жариялылық қамтамасыз етіледі, - деп түсіндірді ол.

Әсет Шындалиев журналистерге сотта болып жатқанның барлығын тікелей эфирде көре алатындарын айтты.

Бұған дейін депутаттардың алқабилерге қатысты жаңа норма енгізгенін жаздық.

Өзгелердің жаңалығы