Біртанов жаңа қызметке тағайындалды

14 Наурыз 2023, 12:36
699
Бөлісу:
Біртанов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Енді ол QazMed медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің кәсіподағында кеңесші қызметін атқаратын болады.

Бұл туралы Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы медиаорталығының директоры Гүлмира Қаракөзова мәлімдеді.

Қаракөзованың айтуынша, 13 наурызда кәсіподақтар федерациясы кеңсесінде  QazMed медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің кәсіподағының жаңа кеңесші таныстырылды. Ол Елжан Біртанов болды. 

QazMed төрағасы Әлиакпар Мәтішев әлеуметтік әріптестікті дамытуда үлкен тәжірибесі бар Елжан Біртановқа медицина қызметкерлері үлкен үміт артып отырғанын атап өтті.

Әріптестері алдында сөйлеген сөзінде Елжан Біртанов медицина қауымының мүддесін ілгерілету үшін бар тәжірибесі мен білімін жұмсайтынын атап өтті.

Медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғау мәселелерінде кәсіподақтың рөлі маңызды. Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік серіктестермен бірлесіп шешуге тиіс мәселелер әлі де бар: медицина қызметкері мәртебесін, медициналық мекемелерді кадрлық қамтамасыз етуді, жас мамандарды жұмысқа орналастыруды, әлеуметтік қолдауды заңнамалық тұрғыдан айқындау. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың медицина қызметкерлерінің лайықты еңбекақысын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындауды бірге жалғастыру қажет. Салалық келісімге өзгерістер енгізу жұмысы тұр, - деді Қаракөзова Елжан Біртановтың сөзін бөлісіп.

Өзгелердің жаңалығы