Біртанов өзіне қарсы ақпараттық шабуылдың артында кімдер тұрғанын болжады

29 Шілде 2022, 17:12
2613
Бөлісу:
Біртанов өзіне қарсы ақпараттық шабуылдың артында кімдер тұрғанын болжады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экс-министр Елжан Біртанов БАҚ өкілдеріне зум арқылы түсініктеме берді. Ол өзіне қарсы ақпараттық шабуыл жасалып жатқанын айтты. 

«Дикая орда» телеграм арнасында менің ауыр хәлдегі науқасқа арналған ұшақты пайдаланғаным туралы жалған ақпарат таратылды. Бұл-жалған, жала жабу. Ондай айыптау маған тағылмады. Ешбір жерде талқыланбады да. Куәгер менің медициналық мәліметтерімді қолданған. Қазір осы жағдайды ғана айта аламын. Ал өзге науқастың ұшағын пайдалану туралы ешбір талқылау болмады. Менің ондай тірлікті жасауыма арым жібермейтін еді. Осы екі жыл ішінде БАҚ-та біз туралы жалған ақпарат көп таратылды. Біз ол бойынша Бас прокуратураға шағым да түсірдік. Мен қазір мемлекеттік қызметкер емеспін, имидждік мәртебемді сақтамасам да, елдің азаматы, жеке тұлға ретінде арыздандым. Осыған дейін бұл дерек тіркелді. Бірақ тексерілмеді. Сондықтан Президент әкімшілігіне жолдауға тура келді, - деді Елжан Біртанов. 

Біртанов бұл істердің артында Қаржылық мониторинг агенттігінің бұрынғы қызметкері тұр деп ойлайды.

Әртүрлі ақпарат өте көп. Бұл істерге тапсырыс беруші агенттіктің баспасөз қызметінде істегендер болуы мүмкін деген ақпарат та бар. Сот істерінің біріне агенттіктің бұрынғы баспасөз қызметінің жетекшісі Арман Жүнісов қатысты. Бірақ заң бойынша ол қатыспауы керек еді. Өзін ақпараттық мониторинг агенттігінің өкілі ретінде тіркеп, қатысқан. Ол маска тағып отырса да, таныдым. Одан масканы шешуін талап еткенде шығып кетті. Бірақ зумда ол қандай атпен тіркелгені көрініп тұрады. Себебі ол кезінде мен және Әбішевке қатысты пікір білдірген. Әрине, бұл менің жеке пікірім. Бұл шабуылдарды ақпарат саласында түсінігі бар адам жасап жүргені анық, - деді Біртанов. 

 Айта кетейік, Елжан Біртанов 2020 жылы қызметінен кетті. Экс-министрдің ұсталғаны туралы қараша айының басында белгілі болды. Бастапқыда «мемлекет ақшасын жымқырды» деп айыпталды. Одан кейін тура тергеу аяқталар тұста бап «лауазымдық өкілетін теріс пайдаланды» деп өзгертілді. Оның орынбасары болған Олжас Әбішев те «билігін асыра пайдаланды» деген күдікке ілінді.  Содан кейін экс-министрге "мемлекеттік қызметшінің тиімді имиджін қалыптастырды" деген айып тағылды. Алайда 2 экс-шенеунік те кінәсін мойындаған жоқ.  Қаңтар айында № 2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ибрагим Әлкенов тергеу органдары "көп қателік жіберді" деп мәлімдеп, істі бас прокуратураға қайтарған.

Өзгелердің жаңалығы