Біртанов ісі: Сот үйқамақтан босатудан бас тартты

26 Шілде 2021, 15:16
1469
Бөлісу:
Біртанов ісі: Сот үйқамақтан босатудан бас тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты сот отырысы өтті. Экс-министрдің қорғаушылары оны тез арада үйқамақтан босатуды сұраған болатын. Алайда сот қаулыны өзгеріссіз қалдырды.

14 шілде күні Елжан Біртановтың үй қамағы мерзімі тағы да екі айға ұзартылған болатын. Оның адвокаттары Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының сәйкес қаулысына жеке шағым түсірді. Осылайша, олар бірінші инстанциядағы сот қаулысының күшін жоюды сұрады.

Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2021 жылғы 14 шілдедегі қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдікті Біртановты үйқамақта екі ай мерзімін санкциялау туралы қаулы өзгеріссіз қалады. Адвокаттардың жеке өтініштері – қанағаттанарлықсыз, - деді судья Элеонора Оңғарсынова.

Естеріңізге сала кетейік, экс-министрдің қорғаушылары «Біртановты үйқамаққа алуы заңды негізсіз. Қорғаушылар экс-министрдің қашып кетуі немесе істі әділ тергеуге кедергі келтіруіне қатысты дәлел жоқ» деген болатын.

Себебі тергеуші де, прокурор да ауызша не жазбаша хабарламаған. Әрі іс бойынша тергеу аяқталғаны белгілі. Судья Бабатовтың қаулысының күшін жоюды сұраймын, - деді адвокат Нұрлан Бейсекеев.

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ақпараттандырудың жұмыс істемейтін платформасын қабылдау және пайдалануға енгізу жолымен қызмет өкілеттілігін теріс пайдалануға қатысты күдікке ілінді.


Өзгелердің жаңалығы