Біртанов ісі. Сот істі прокурорға қайтарды

28 Қаңтар 2022, 16:34
1762
Бөлісу:
Біртанов ісі. Сот істі прокурорға қайтарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты экс-министр Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевке қатысты істі прокурорға қайтарды. 

Аталған істің алдын ала тыңдау нәтижесі бойынша қылмыстық іс қылмыстық процестік заңнаманың бұзушылықтарын жою үшін Бас прокуратураға беріледі. 

Сот сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуші органның іс бойынша басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін заңды бұзушылыққа жол бергенін анықтады.

Қылмыстық процестік кодекстің 297 бабының 7-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс сотқа прокурормен шағымды шешкенге дейiн  жiберiлмеуі тиiс. Нақты жағдайда тергеу уақытында қорғаушылардың шағымдары шешілмеген, - деп атап өтті аудандық соттың судьясы Ибрагим Әлкенов. 

Е.А.Біртанов пен оның қорғаушыларының қылмыстық істі қысқарту бойынша  өтініштері сотпен қараусыз қалдырылды. Себебі мұндай өтініштер іс сот өндірісіне қабылданғаннан кейін және басты сот талқылауы барысында ғана қаралуға жатады.    

Өзгелердің жаңалығы